Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыру алгоритмі
- Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі №107-1367 қаулысы негізінде тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыруды ұйымдастырғаны үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігі туралы бұйрық шығарылсын.
- Мектепке дейінгі ұйым басшыларының бұйрығымен ата-аналар қоғамының өкілдерін қоса отырып, бракераж комиссиясының құрамы бекітілсін.
- Мектепке дейінгі ұйым басшыларының бұйрығымен тегін тамақтануға құқығы бар балалардың санаттарын айқындасын және тәрбиеленушілердің тізімдік құрамы бекітілсін.
- Әр айдың 1-күніне дейін ай сайын Білім басқармасына растайтын құжаттары бар әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалардың бекітілген тізімі тапсырылсын (мектепке дейінгі ұйымның атауы көрсетілген папканы тапсыру).
- Бір ай ішінде балабақшаға келген немесе кеткен әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалардың тізіміне түзетулер енгізілсін.
- Төменде көрсетілген санатқа жататын балалар тегін тамақтанады: (ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 қаулысы, Астана қаласы әкімдігінің 2023.07.12 №107-1367 Қаулысы).
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- мемлекеттік атулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шыққандағы орташа табысы ең төмен көнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын.
Барлық шешімдер берілген құжаттар негізінде қабылданады (ата-аналардың өтініші, санатын растайтын анықтамалар т.б.)